Табиғатта түрлі ауруларға шипа болатын минералды сулар болады. Бұл суларды ішу, шомылу арқылы емге пайдалану ертеден-ақ белгілі болған. Судың шипалық қасиеті ондағы еріген заттардың мөлшеріне қарай анықталады және олар салқын, жылы, ыстық күйінде кездеседі. Минералды сулар денедегі ісіктерге қарсы, жүйке жүйесін нығайту, қан тамырын кеңейту, өт пен ішті тазалау, тамақтың қалқанша безінің, өкпе-бауырдың қызметін жақсарту және т.б. көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам минералды су көзі анықталып, көпшілігі ел игілігіне жаратылуда.
Показать текст полностью