Орхон ескерткіштері 18- ғасырда табылып, зерттеу жүргізілген. Ондағы руникалық таңбаларды алғаш оқыған – Дания ғалымы Вильгельм Томсен. Орхон ескерткіштерінің тақырыбы, көтерген мәселелері, көркемдік сипаты т.б. жағынан қазақтың эпостық жырларына ұқсас. Онда Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білімі, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Мұнда түркі ұлтының тарихы мен Күлтегіннің батырлығы бейнеленеді. Осы ескерткіштің Жапониядан әкелінген көшірмесі 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетiнiн бас ғимаратына орналастырылды. Бұл Қазақ халқының арғы аталары – Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.
Показать текст полностью