Жабай табиғатты бағындырып, адамдар өздерін жердің «иесіндей» сезінеді. Бірақ ұқыпты иленуші болу қажет екенін бірден ұғына қоймады. Табиғат байлықтарының шектелуі екенін, табиғаттың байлығын сақтауға, молайтуға қамқорлық қажет екенін түсіну үшін қаншама уақыт өтті. Табиғат ресурстарын қалпына келтірмеу, өсіріп сақтамау табиғи ортаның бұзылуына , ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Ол-адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмай, өмір сүруін тоқтату мүмкін деген сөз. Табиғатты ұқыпты пайдалану адамдардың өздерінің өмір сүру шарты екенін түсінген соң ғана олар табиғатты қаншалықты , қандай шамада пайдалануға болатынын қарастыра бастады