Ертең - досым Әлібектің туған күні. Сыйлық таңдауыма анам немесе әкем көмектеседі. Бұл жолы досыма сыйлық алу үшін анаммен дүкенге бардым.
- Балам, сыйлықты таңдап, ұсына да білу керек, себебі бұдан сыйлаушының талмағы, қиялы, досын қаншалықты жақсы білетіні көрінеді, - деді анам сыйлық таңдап жүргенде.
- Түсіндім, менің досым Әлібек кітапты көп оқиды.
- Оның қандай әдебиеттерді ден қойып оқитынын білесің бе?
- Білмеймін, - дедім мен төмен қарап.
Анам сөрелердегі кітаптарды аралап жүріп:
- Ендеше, балам, "Ата-бабалардың даналық сөздері" деген мына кітапты алайық.
Мен кітапқа тез көз жүгіртіп, ішіндегі мәнді де мағыналы даналық сөздерді оқып, қуана келістім. Анам кітаптың ішіндегі "Бар ізгілік білімменен алынар. Білімменен аспанға жол салынар" деген Жүсіп Баласағұнның сөзін таңдап, бірінші бетіне жазуды ұсынды. Анам ұсынған сөзді және соңына "Ізгі тілекпен досын Елнұр" деп жаздым.
Бұлсыйлықтың досыма ұнайтынына сенімім мол.

Показать текст полностью