2) Аяқтағы күстерді жұмсарту үшін банан қабығының ішкі жағынан бір қасық мөлшерде қырып алып, күстелген бөліктерге жағып байлап қойыңыз. Бірнеше сағаттан кейін ашып, таза сумен шайып тастаңыз. Немесе тікелей бананның қабығымен байлап қоюға да болады.
3) Бананның қабығын безеулерді кетіру үшін де жағуға болады.
4) Тізе буындары ауруының кетуіне көмекші болу үшін бананның қабықтарымен тізелерді уқалау керек.
5) Құрамындағы калий және май аяқ киімді жақсы жылтыратады. Банан қабығының ішкі жағымен аяқ киіміңізді ысқылап, бір матамен тазалап жіберіңіз.
Балмұздақты да бананнан жасауға болады. Бірнеше бананды қабығын ашып, бөліктерге бөліп, 30 минут мұздатқышқа салып қойыңыз. Оны мұздатқыштан қатты тоңдырмай алып, блендермен араластырыңыз. Қалауыңыз бойынша сүт те қосуға болады. Содан соң өзіңіз ұнататын дәм беруге де болады, иіс шығаратын какао, ваниль, таңқурай (малина) сияқты қоспаларды да қосуға болады.