Көрме мен мұражайға барған адам әдетте сыртқы киімімен бірге қолшатырын, портфелін, сөмкесін, пакетін және т.б. гардеробта қалдырады.Музейлер мен көрмелерге барғанда адамның тек екі-үш сағат бойы ғана әсер алуға қабілетті, сондықтан үлкен музейлерде каталогтардың көмегімен көру жоспарын жасаған жөн. Музей залдарын тез аралап шығудың мәні де, пайдасы да жоқ. Көруге не белгілі бір туындыларды, не бір суретшінің творчествосын, немесе қайсыбір бөлімді таңдап алу керек.Көрме залына басқаларға кедергі жасамай, тыныш кіреді. Туындыларды көргенде басқа келушінің алдына немесе оған тым тақалып тұрмайды. Өзіңнің қатысуың арқылы айналадағылардың мазасын алмайтындай етіп ұстап, қатты сөйлемеу, күлмеу, жөтелмеу, сіңбірінбеу керек және т.б.Экспонаттарға қол тигізуге болмайды. Егер сіз музейде экскурсоводтың ізіне еріп жүрген болсаңыз, оның айтқандары өзіңізге қызықсыз болған жағдайда түсіндірмелерін үнсіз тыңдауыңыз керек. Көршіңмен сөйлесу немесе өз ескертпелеріңді айту инабаттылық емес. Егер сіздің сұрағыңыз болса, оны толас кезінде сұрауыңыз керек.Өнерді сынағанда сақ болған жөн. Интеллигент адам әдетте өзінің алған әсерін айтуға сараң болады. Сондықтан, егер сіз өзіңізге түсініксіз көркем шығармаға душар болсаңыз, ол жөнінде алғашқы әсер бойынша пікір айтуға асықпаңыз және, ең алдымен, суретшіге және туындыға менсінбей қараудан тартыныңыз.Өнерді шын бағалай білетін адам атақты туындылар жөніндегі алған әсерін серігіне жайымен және ұстамды түрде айтады.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...