Ол күні жер сілкінбеген ,күн түгіл ай да тұтылмаған ,есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра ат берілген.
Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ...
- Қайсар болушы ең, жыламайтын едің, - деп шешем әр кезде айтып отыратын...
Әке-шешеден күнде еститін көп жақсы тілектердің өзгесі келмесе де, "оқу оқисыңдар" дегендері екі жылдан кейін келіп еді. Жаз бір көлдің басында, қыс айларын әр ағаштың қойнаунда өткізетін бес-алты ауыл "балалардың тілін сындыру үшін"молда жалдапты. и дальше перевод пожалуйста только полностью пожалуйста