Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде қазақ әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың қолы шабуыл жасапты. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының жау қолына түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елемесиен, өзеннен малтып, жау жатқан жағаға өтеді. Жау әскерлері тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Алып келген соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерді сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ең қымбат – өмірді қиямын, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені өлтірмей-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді аламын.
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді.
Қайсарлық пен адал достыққа куә болған жаудың қолбасы екі досты тұтқыннан босатады.

Показать текст полностью