Сабақты келіп, түскі астарын ішіп-жеп алған үш дос сыртқа шықты. Аңғарбай кеше әкесі сатып әкеп берген велосипедін қарғып мініп, есік алдындағы алаңдағы зыр қағып, айнала бастада. Анда-санда астындағы темір көлігінің қоңырауын сыңғыр қақтырып қояды.
Оңғарбай досына қызыға қарап тұрды-тұрды да, қолтығындағы жап-жаңа қара ала добын тебуге кірісті. Біресе олай, біресе былай дедек қағып доп қуалады. Бір сәт допты жерге түмірмей басымен ұрып, бірде екі аяғымен алма-кезек теуіп ойнай бастады.
Қауынбай үй алдындағы ұзын ағаш орындықта отырып, екі құрбысының ойынын ұзақ тамашалады. Содан ойына әлдене түсіп, үйіне кірді де, судай жаңа қара гармонын ұстап шықты. Екі досының бұған қарайтын түрі жоқ. Өз қызықтары өздерінде. Қауынбай гармонын дар-дар еткізіп құлаштай бірер тартып алды да, әнге басты:
- "Басында Қамажайдың бір тал үкі, Айырылып Қамажайдан болдым күлкі".
Аңғарбай мен Оңғарбай ойындарын доғарып, әнші достарына жеткенше асығып келе жатты.

Показать текст полностью