Тұрардың сабаққа селқос екенін аңғарған Иван Владимирович оның партасына таяп келіп, алдындағы дәптеріне үңілді. Қара тақтадағы А, а деген белгілерді балалар көшіріп жазуға тиіс болатын. Ал Тұрардың дәптерінде жеке әріптер емес, сөздер жазулы екен. "Аспара. Қызыл Жебе. Көке".
- Өзің жаздың ба?
- Иә, - деді Тұрар орнынан тұра беріп.
- Мұны қалай түсінуге болады? "Аспара" - таудың аты. Ал "Қызыл Жебе", "Көке" дегендерің ше?
- "Қызыл Жебе" деген ерен жүйрік жылқы еді, Иван Владимирович. Ауылдың балаларымен жалаң аяқ жаяу жарыста мен де жүйрік болдым. Содан мені балалар "Қызыл Жебе" деп атап кетті. Ал "Көке" дегенім - осы Қызыл Жебеге мініп, көкпар шапқан кісі.
- Жазуың өте сұлу. Иә, бауырым, саған бірінші класта отыру, әрине, іш пыстыратын жұмыс. Амал не, бізде әзір екінші класс жоқ. Бірақ сен дандайсып кетпе. "Қайталау - білімнің анасы" деген бар. Кәне, тақтаға шықшы.
Тұрар тақтаға шыққанда, бүкіл класс тына қалды. Тақта алдында тұрған баланың тұрқына, тұла бойына қарағанда, басы үлкендеу сияқты. Шекелігі шығыңқы. Көзінің алақ-жұлағы жоқ, өте сабырлы.
- Бор ал, - деді мұғалім. - Жаз! Жоғарыдағы әріптерді қайталап жаз. Бала оң қолын көтеріп, А,а деген әріпті әдемулеп, мұғалімдікінен айнытпай жазып шықты.

Показать текст полностью