1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Қонақ шақыру туралы
Қонақ шақыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Келген қонақ өзін жайлы сезінуі үшін, үй иесі көп нәрсені ойында ұстағаны жөн. Жаңа жылда, Наурыз мейрамында, мерейтой, туған күн деген сияқты атаулы мерекелерде қонақ шақырған жөн. Үлкен тойларға арнайы шақыру билеттерін кемінде бір ай бұрын жіберу керек. Отбасылық кішігірім отырыстарға қонақтарды ауызша немесе телефонмен де шақыруға болады. Қонақ шақырғанда уақытын және себебін анық айту керек.1.
Кашан конак шакыруга болады . 2 улкен тойларга шакыру ушын не береды .3. телефон мен конака шакыруга болама ,
2.«Қонақжайлық – қазақ халқына тән ұлттық қасиет» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз ..мен конака барады жане кутыды жаксы коремын .достархан жаямыз конак шакырамыз казак халкы конак жайлы халык.
3.Көп нүктенің орнына күшейткіш үстеудің дұрыс нұсқасын таңдап жазыңыз.
1. Ән орындаған .аса.. бір дарынды бала екен. 2. Аса.... қадірлі қонақтарды мейрамханада күттік. 3. Қыран құ. ең. биікке шырқады. 4. Анам—мен үшін ..... қымбат адам. 5. Соңғы кездері ол менің сөзімді .... тыңдамайтын болды. 6. ... биік таулар алыстан анық көрінеді. Қажетті сөздер: орасан, аса, тым, ең, мүлдем, ерекше.
2-билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті сусыны. Қымызды ашытып, баптау технологиясы қазақ халқымен бірге жасасып келе жатыр. Қазақтар қымызды сабада, не күбіде ашытады. Саба жылқы терісінен жасалады, ал күбі қайың ағашынан жасалады. Қымыздың сапасы оны баптау мен пісуге байланысты.
2.«Қымыздың адам ағзасына пайдасы» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3.Мақсат үстеуі. Берілген мақсат үстеулерді пайдалана отырып, сөйлем құрап жазыңыз.
Қасақана, әдейі, әдейлеп.
3-билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Ұлттық тағамның ең үлкені – ет. Қонақ шақырылғанда, сыйлы адам келгенде ет асылады. Етті табаққа салып тартудың өзіндік тәртібі бар. Табақты білетін адам жасайды. Әрбір мүшенің өз орны бар. Бас пен жамбас қадірлі адамға тартылады. Табақтың кәделі мүшелерінің бірі – қазы мен қарта. Қазы – жылқының қабырға етіне бұрыш, тұз, сарымсақ қосып, ішекке салынатын ұлттық тағам. Қазы дастарқанға ыстық күйінде де, суық күйінде де қойылады.
2. «Қазақ дастарқанының ерекшелігі» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3.Берілген сөзгетолық фонетикалық талдау жасаңыз:
дастарқан
4 -билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамдарының бір түрі. Бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қоямыз. Ашытқы көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейміз. Содан кейін қамырды жайып, төрт бұрыштап кесеміз. Кесіп дайындалған бауырсақтың беті кеуіп кетпеу үшін, матамен жауып қоямыз.
Қазанға май құйып әбден қыздырып алған соң, бауырсақты саламыз. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрамыз. Сонда бауырсақ біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады. Сондықтан отты баяу жағып қойған дұрыс. Қызарып піскен бауырсақ дәмді болады.
2. «Қазақ – қонақжай халық» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. Көп нүктенің орнына жақша ішінен қажетті себеп-салдар үстеуінқойып жазыңыз.
Мен атам мен әжемді қатты сағынсам да, ....(бекерге, шарасыздан, бос) демалысты күтуге тура келді. Жазғы демалыс басталғанда ... (бос, босқа, шарасыздан) жүрмей ауылдағы атам мен әжеме барамын. Биыл да ... (лажсыздан, шарасыздан, бекерге) жүрмей ауылға бардым.
5 -билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе-бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрегінен дайындалатын қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Алдымен қазанға май құйып қыздырамыз. Туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын төстік еттерін қазанға салып,15-20минут қуырамыз. Содан кейін бауырды салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырамыз. Дайын болған қуырдақтың үстіне жіңішкелеп туралған пиязды қосып, дастарқанға қоямыз.
2. «Менің сүйікті тағамым»тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.
3. Сөйлемдерді қажетті септеулік шылаулармен толтырып жазыңыз. Оларды түрлерін ажыратыңыз.
1. Анна ұлттық тағамдар ... Әнелден біраз мәлімет алды. 2. Қуырдақтың етін бір сағатқа ... өз сөлінде пісірген жөн. 3. «Шымбұлақ» тау шаңғы демалыс орнына Медеуден аспалы жол .... жетуге болады. 4. Онда үш күнде шамамен 6 мыңға ... турист келеді. 5. Мен жазғы демалыста отбасыммен .... Бурабайға бардым.
Қажетті сөздер: дейін,туралы, бірге, арқылы, жуық.