Анна "Мұқағали Мақатаев оқуларына" қатысты. Жарыстың алдында ол жақсы дайындалды. Анна ақынның өлеңдерінің мəнерлеп оқып, бірінші орын алды. Осы байқаудан соң оның қазақ тіліне деген қызығушылығы арта түсті.
Анна - өте талапты, ақылды, ізденімпаз оқушы. Ол түрлі әдеби шығармаларды, әсіресе, поэзияны ерекше ұнатады. Анна оқу жылының бысында Мұқағали Мақатаев шығармашылығы туралы көп материал жинады. Оның үстіне әпкесі жобаға қатысуға кеңес берді. Анна жоба жұмысын да жоғары деңгейде дайындады. Жоба жұмысы көп ізденуді талап етеді. Анна жоба жұмыстары бойынша мектеп оқушыларының қалалық байқауына қатысты. Байқауда терең білімін, тіл байлығын, шешендік өнерін көрсетіп, жеңімпаз атанды. Байқауға қатысушылардың арасынан ол өзіне жақсы достар тапты.
"Талаптыға нұр жауар" деген - осы.