Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем қүрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауа тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет.
Өзімізді қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай құрметтеп, тани білейік. Қорықтарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау керек. Табиғатты ар-ожданы таза, саналы адамдар ғана қорғай алады.
Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп.