"Менің ойыншығым", "Отпен ойнама","Орақ - олақ","Шынықсан,шымыр боларсың", тағы басқа кітаптарын балалар қызығып оқиды. "Аспандығы әпке" жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. Әлімбаев мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. "666 мақал мен мәтел", "Мақал - сөздің мәйегі", "Өрнекті сөз - ортақ қазына", т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аудары. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.