6Бөліп әсем ойындарын,Екі ғашық сүйісті;Сүйісіп боп, мойындарынМұңайысып иісті.Екі маңғаз ғашық жұбай,Шын сүйіскен жар еді;Мұңайысты неге бұлай,Не қасіреті бар еді?Екі маңғаз еркін өскен,Қосылысқан жар еді;Ертегідей еркелескен,Тағы неге зар еді?Екі сұлу мөлдіресіп,Неге бүгін мұңайды?Бірін-бірі елжіресіп.Неге ақырын сылайды?Дауыстары қалтырасып,Неге нәзік жылайды?Қосылысқан екі ғашықТағы нені сұрайды?Көл ортасы кең жайқыннанКелген аққу бұрылып,Қасіреті іште тынған,Жөнеп берді сырылып.Қыңқылдады қалар ғашықКөздің жасын тыя алмай.Көлбеңдеді о да жасып,Кетер ғашық қия алмай.Қимаса да бірін-бірі,Қайта-қайта қайрылып;
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...