Мұғалжар ауданы бойынша тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға 3 мемлекеттік кәсіпорындар коммуналдық қызмет көрсетеді. Атап айтсақ «Коммуналшы» КМК, «Ембіжылу» КМК және «Жемжылу» КМК.
Аудан бойынша 3 қала, 12 ауылдық округте, 47 - мектептер, 21 - балабақшалар, 136 - көп қабатты тұрғын үйлер және 20 - мәдениет үйлері мен клубтар бар.
Елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды кезекті жылу беру маусымына дайындау мақсатында барлық округтерде және КМК-да жұмыс жоспарлары бекітіліп, осы жоспарларға сәйкес барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарда жұмыстар жүргізілді.Мұғалжар ауданы бойынша 2012-2013 жылдарға жылу беру маусымы қатаң бақылауда, әлеуметтік және бюджеттік мекемелерде отын қоры жинақталып, толығымен жылумен қамтамасыз етілуде. Жылу маусымы басталғаннан бері ешқандай кедергілер орын алған жоқ.
Аудандағы барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер - 46 жылу қазандығы арқылы жылумен қамтамасыз етіліп отыр, оның 20 қазандығы газбен, 18 қазандық қатты отынмен және 8 қазандық сұйық отынмен жылу береді. Аталған жылу қазандықтарында барлығы- 135 жылу ошақтары орналасқан. Қандыағаш қаласыныңтұрғындарын және әлеуметтік нысандарын «Коммуналшы» КМК мекемесі жылумен және ауыз сумен қамтамасыз етеді. Қаладағы әлеуметтік нысандармен тұрғын үйлерге төрт жылу қазандықтары арқылы жылу берілуде.Ембі қаласыныңтұрғындарын және әлеуметтік нысандарын «Ембіжылу» мемлекеттік коммуналдық мекемесі арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.Бүгінгі күні қаладағы 9 жылу қазандығының 20 жылу ошақтары арқылықаланы толық жылумен қамтамасыз етуде.Жем қаласының барлық көпқабатты тұрғын үйлермен әлеуметтік нысандарына «Жемжылу» КМК жылумен және ауыз сумен қамтамасыз етеді. 2012 жылы Жем қаласының жылу жүйесі мен жылыту қазандықтарын қайта жаңғыртуға барлығы 220, 6 млн. теңге бөлініп, «Казтеплоэнергомонтаж» ТС-пен (толық серіктестік) келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып қазандық пайдалануға берілді. Бұған дейін Жем қаласының барлық көпқабатты тұрғын үйлермен әлеуметтік нысандарын жылумен 8 автономды жылу қазандықтары арқылы қамтамасыз еткен болса, қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 3 автономды газбен жылытылатынжылу қазандықтарына ауысты.
«Көркейе бер туған жер!» акциясы аясында «ТрансХимСнаб» ЖШС директоры Жиенкулов ІдірісАқкемер ауылдық Мәдениет үйінің жылу жүйесін жөндеу,қуатты бу қазандығын орнату жұмыстарын жүргізді.«ВестМоторсСервис» ЖШС-ның бастығы Н.Қ. Назаров Ақкемер орта мектебіне толық құралдармен 2 бу қазандығын сатып алып орнатты және жылу жүйесін қалпына келтірді.«Юбилейное»ЖШС тарапынан Алтынды ауылы орта мектебінің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарыжүргізілді. Құмсай ауылының бір топ азаматтары Құмсай ауылының мәдениет үйінің жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі күні Қандыағаш қаласының ескі бөлігі ауыз су жүйесімен үздіксіз қамтамасыз етіледі, ал мөлтек аудандарға уақытпен беріледі. Қандыағаш қаласының тұрғындары мен орталық жылу қазандықтарына қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі тарапынан іс – шаралар алынып, соның нәтижесінде республикалық бюджеттен 34,5 млн. теңге қаражат бөлініп 2012 жылы 2 жер асты су ұңғымасы қазылып пайдалануға берілді.
Сондай–ақ қалаішілік ауыз су және кәріз құбырларындағы ақаулы бөлшектері алдынала анықталып, «Коммуналшы» КМК-ы тарапынан өз күшімен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланың кәріз жүйесі мен су құбырлары қазіргі таңда қалыпты жұмыс жасауда.
Облыстық бюджет көзінен 45,0 млн теңге бөлініп, оның ішінде 40,0 млн теңгесіне орталық ауыз су айдау бекетіне жалпы көлемі 5000 текше метр құрайтын су сақтаушы ыдыс (резервуар) сатып алуға және Қандыағаш қаласының қалаішілік ішінара жылу құбырларын ауыстыру үшін 5,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Аудандағы елді мекендерді орталықтандырылған ауыз-су жүйесімен қамтамасыз ету үшін алдымен жер асты су қорын анықтау бірінші кезектегі өзекті мәселе болып отыр. Соның ішінде бүгінгі күнге Қандыағаш, Жем, Ембі, Ащысай, Ақсу, Бірлік, Қаракөл, Бұлақты, Талдысай ауылдық округі Еңбек ауылының жер асты су қорын анықтау үшін, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына сұраныс хат жіберіліп, қазіргі таңда аталған елді мекендердің жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су қорын қайта бағалау үшін іздеу – барлау жұмыстары 2013-2014 жылдары аяқталады деп күтілуде. Қандыағаш қаласының жер асты су қорының мөлшері анықталғаннан кейін қосымша ұңғымалар қазылып, қаланың мөлтек аудандарына су үздіксіз берілетін болады.
2012 жылы Қандыағаш қаласының жолаушылар көлігі және халықтың жеке көліктерімен көп қатынайтын қалаішілік негізгі 8 көшесіне күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.Ембі қаласы Жанесов көшесінің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін «Мемсараптама» РМК мекемесіне тапсырылды. Сонымен қатар «Көркейе бер туған жер!» акциясы аясында Ембі қаласының кіре беріс 3,6 шақырым автокөлік жолын күрделі жөндеуден өткізу үшін, Ембі қаласының әкімдігі, «ГОАР» ЖШС және «АсарАқтөбе» облыстық корпоративтік әлеуметтік қолдау қоры тараптарынан үш жақты келісім жасалып, 2012 жылы аталмыш жолға тегістеу жұмыстарын жүргізді. Осы ағымдағы жылы толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ембі қаласындағы көше жолдардағы жол қауіпсіздігі ережесін сақтау мақсатында, соның ішінде әсіресе мектепке барар жолдардағы өтпе жолдарға жолаушылар өтетін белгілер қою және Есет батыр көшесі мен З. Бралов көшесінің қиылысына ағымдағы жылы бағдаршам орнатылатын болады. Сонымен қатар, Мұғалжар ауданы бойынша 2013 жылға жаз, күз және қыс кезеңдерінде аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау мақсатында 7,0 млн. тг бөлініп, 3,5 млн теңгеге 2013 жылдың бірінші тоқсанына «ҚандыағашҚұрылысКомпания» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Бүгінгі күні аталған мекемемен жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы Қандыағаш қаласындағы күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің бірі «Достық» мөлтек ауданы №14 және «Жастық» мөлтек ауданы №21 үйлеріне «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған бағдарламамен биылғы жылы тағы осындай үйлерді кіргізу жоспарланып отыр.