«Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» дегендей, мәдениет, әдебиет пен өнер саласында дүние жүзіндегі халықтарды бір-бірімен табыстыруға, жақындастыруға қызмет ететін ұлы тұлғалар болады. Адамдардың арасын жалғау, ел мен елді бітістіру жан дүниесі ізгіліктен жаралған жандардың ғана қолынан келетін шаруа. Дүниеден Қанай деген бір бабамыз өткен. Өлерінің алдында одан: «Өкінішің бар ма, орындалмай қалған не арманың бар еді?» деп сұрағанда: «Арман көп қой, кеудемде қалып қойған бір өкінішім бар. Түтін мен түтінді қостым, ал бірақ оқ пен оқты қоса алмай өкініште кетіп бара жатырмын», деген екен. Ал қазір Құдайға шүкір, Елбасының сара саясатының арқасында, күннен-күнге кеңістікке қол созып отырған, өсіп-өркендеп келе жатқан, қанатын кең жая бастаған астанамыздың арқасында, халқымыздың игі жүрегінің арқасында бүкіл жер жүзі халықтарымен біз достасып келе жатырмыз. Осындайда Баласағұн бабамыздың бір өлеңі еске түседі: «Өмір – теңіз, жүзіп өтем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз», деген. Маған қазақ халқының жаны сол ізгіліктен жаралған сияқты болып көрінеді. Ешкімге жамандық, жаулық ойламайтын, мүмкіндігінше дос болуды ойлаған, сырттан келген адамның өзін тамырым деп таныған.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...