Тіл- халықтың байлығы. Мысалы, біздің қазақ халқы жер бетінде өмір сүріп келе жатқаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз, ертегілері, шығарған жырлары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, көрген- білгені, жалпы дүние жайындағы ұғым- түсініктері, ойы, сезімі- бәрі де ана тілімізде шығарылып, ана тіліміз дамып, атадан балаға мұра болып келеді. Демек, ана тіліміз- бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы. Ол халқымызбен бірге жасап, бірге дамып, мемлекет дәрежесіне көтеріліп отыр.
Тілімізді сақтап, дамыту- бәріміздің қасиетті міндетіміз.
Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеуі, жаза білуі керек.