Текст для перевода: Той бітіп,қызды ұзатар кезде сыңсу айтылады.Қазақтың сыңсуы ұзатылған отырған қыз бен оның шешесінің көрісуінен басталады.Қыз ел-жұртымен, құрбы-құрдастарымен,туған-туысқандарымен қоштасады.Сыңсуды хормен айту дәстүрі бар. Сыңсу монолог түрінде көбірек айтылса,кейде диалог түрі де кездесіп отырады. Сыңсу - ұзатылып бара жатқан қыздың елін, жерін, туған-туысын, ауыл-аймағын, дос-жарандарын, ата-ана, бауырларын қимай айтатын өлеңі.Өлеңнің әуені де болуы мүмкін.Жалпы сыңсу, негізінен, баяндауға құрылады. К.Ісләмжанұлы: "Қыз ұзату тойында айтылатын жар-жар, сыңсу,көрісу сияқты өлеңдердің диалогпен, хормен орындалатындығын атап өту шарт", - дейді. Сыңсу айтылған кезде ауылдың ақындыққа қабілеті бар жігіт-қыздары да бар өнерін көрсетеді. Сыңсу айтушы қыз жақ пен жігіт жағынан келген жұбатушылар диалогы басталап кетеді. мысалы: Айналайын,ел-жұртым,
Не болар менің заманым?
Дәуренім менің өткен соң,
Бұралқы иттей кеткен соң,
Естіле жүрер дейсіз бе,
Не болып жүрген хабарым?
Заманым қиын болар-ау!
Көкірекке қайғы толар-ау!...
Есіктің алды сауырдан,
Ат жүрмейді сабырдан.
Қыздай мұнды бар ма екен,
Тірі айрылған бауырдан?
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...