Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

Помогите, пожалуйста, перевести на русский.

Ответы: 0
Просмотры: 3099
0
2718
q
3 окт 2013
Қазақтың ауыз, жазба әдебиетінде және ауызша айтысында жиі кездесетін сөздердің бірі - қарғыс. Ежелден тіл өнері қонған халқымыз қарғыс айтуға да шебер болған. Қарғыс ата-анаға, үлкенге тілі, қолы тиген. тәртіп бұзған, ел атына, руына кір келтірген, көпке зәбірі тиген, кісі өлтірген, тағы басқа жат қылық, ерсі іс, теріс мінез көрсеткен адамдарға айтылады. Біздің халқымыз қарғыстан қатты сексенген. Елдің ішінде біреуді жұрт "қарғысқа ұшыраған" деп жатады. Оның себебі, халғымыз қарғыс қате кетпейді деп түсінген. Қарғыстың ең ауыры, ананың ақ сүтін көкке саууы және атаның теріс батасы деп есептелген. Бұрын ата-ананың ар-намысын таптаған, аса жүгенсіздік көрсеткен балалар осылай қарғалған. Абылай заманында бір қарғысшыл қалмақ болған екен. Абылай соны шақырып алып:
- Мені қарғашы, - депті.
- Шөбің жапырылмасын! - депті қалмақ.
- Кедей бол дегенің ғой, ол қарғыс емес, - депті Абылай.
- Күлің шашылмасын!
- Баласыз бол дегенің ғой, бұл да қарғыс емес, өзім жақсы болсам, елдің бәрі - менің балам, - депті Абылай.
- Ендеше, өзің білме, білгеннің тілін алма! - депту анау.
- Астапыралла, қарғыстың жаманы мынау екен, - деген екен сонда Абылай дана.
Показать текст полностью
2718
1
1

Ответы

Ответов пока нет

Популярные вопросы во всех категориях
перевод