бұл кітабы арқылы қараңғы елге жар салып, олардың ойсанасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. "Қырық мысал" жинағы И.Крылов шығармаларының аудармасы болып келеді. Жинаққа қырық мысалдың аудармасы енді. Олардың тақырыбы әр алуан. Мысалдарда қазақ тұрмысына таныс суреттер тамаша үлгілі ойларға ұласады. Ақынның өз жанынан қосқан түйінді ойлары көпшілікке түсінікті әрі нақты ғибрат береді.
Показать текст полностью