Заманымыздың 6-8 ғасырларында ерекше өркендем гүлденген, батыста – Ұрым (Византия) шығыста – Қытай қорғаны, солтүстігінде – орыс жері, оңтүстігінде – Үндістанға дейінгі ұлан * байтақ аумақты алып жатқан Түркі қағанаты кезінде ата – бабаларымыз төл әліппесін, ата жазуымен тасқа қашалған жерлерін артына өшпес мұра етіп тастап кетті. Білге, Күлтегін, Тоңұқұқтың басына құлпытастар қойылып, оның бетіне өз елі үшін еңіреген үш батырдың ерлігін жазып қалдырған. “Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі әріп-таңбалармен, Күлтегін, Білге қаған, Тоңұқұқ ескерткіштері сияқты әлемдік мәдениеттің алтын қорына қослған жазбалармен қысқаша таныстырайын, - дейді ғалым Ғ.Айдаров. – Әр жерден: Орхон, Енисей, Талас өзендерінің бойынан табылған ескерткіштердегі әріптаңбалардың ерекшеліктері алфавиттік кестеден көрінеді. Көне түркі жазбаларында сөз оңнан солға қарай жазылады және оқылады, әр сөздің арасында қос нүкте белгісі қойылып отырады”.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...