Дүние жүзінде 6000 –ға тарта тіл бар, бірақ әр халықтың өз халықтың өз анна тілі болады. Ана тілі—бұл әкеңнің, анаңның тілі. Орыс халқының анна тілі—орыс тілі, қытай халқының анна тілі—қытай тілі, неміс халқының ана тілі—неміс тілі. Қазақ халқының анна тілі—қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әкеөшешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан,газет пен жорналдан, радио мен теледидардан, кинотеатрлар мен театрлардан үйренеді.
Қазақ тілі ө бай тіл. Ол –қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған тіл. Қазақ халқы анна тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы—ертегілерге, мақал-мәтілдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсен, осыларды өзің де оқисың
Қазақ тілі—мемлекеттік тіл. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерде, қоғамдарда, мектептер мен институттарда оқып біледі.
Қазақстанда қазақ тілімен қатар орыс тіліне де ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені елімізе тұратын басқа ұлттың адамдарымен бұл күндері орыс тілі арқылы түсінісуге болады.
Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар Қазақстанды өз елі санайды. Бірақ өз анна тілдерін ұмытпауға тырысып үйренуде.