Алматы қаласы 20 ғасырда одан әрі дамыды.1929 жылы Алматы ел астанасы атанды. Бұл кезде Алматыда 300 мыңдай адам тұрған. Қаланы жаппай көгалдандыру 1940 жылы жүзеге асты. Алматы ірі өндіріс орталығына айналды. 1960 жылдары әйгілі Республика сарайы салынды. Абай ескерткіші бой көтерді. 1970 жылдарды "Алматының алтын дәуірі" дейді. Ол қала түгел абатандырылған дәуір еді. Атақты «Медеу» мұзайдыны, 25 қабатты «Қазақстан» қонақүйі, Республикалық Оқушылар сарайы, Республика алаңы, Қазақ мемлекеттік университеті қалашығы, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театры, т.б. ірі-ірі құрылыстар осы кезде салынды. Алматы сол уақытта әлем қалаларының ішіндегі жасыл, сұлу қалалардың бірі болды. Қала халқының саны бір миллионнан асты.