Емтихан - шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі.
Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. Ресейде тұңғыш рет Глюктің мектебі (1703, Мәскеу) мен Санкт-Петербург Ғылым Академиясы жанындағы гимназияда (1726) шәкірттерден емтихан қабылданды. 1786 ж. халық училищелерінде көпшілік алдында емтихан тапсыру (қыста, жазда) тәртібі енгізілді. 1837 ж. «Уезд училищелері мен гимназияларындағы сынақ ережелеріне» сәйкес оқушылардың білімін бағалауда 5 балдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылды. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет Алтынсарин мектептерінде (жылына 2 рет) қолданылды. 1966–67 оқу жылынан бері мектептерде әлі күнге дейін сақталуда. Кәсіптік-техникалық училищені бітірушілерге алған мамандығы бойынша белгілі бір разряд беріледі. Көптеген жоғары және арнаулы орта оқу орындарында мемлекеттік емтихан орнына негізгі пән бойынша диплом жұмысы қорғалады. Қазіргі кезде оқу орындарына қабылдау емтихандары компьютерлік техниканың көмегі арқылы тестік тәсілмен жүргізіледі.

Показать текст полностью