Отбасы-сыйластық орнаған орта.Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс.Сонда бірлік,татулық берік болады.Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарады,сондықтан оңы тау дейді.Ана отбасына әрқашан нәр береді,сондықтан оны бұлақ дейді.Балалар әке қамқорлығымен,шеше нәрімен өседі,сондықтан оны су жағасындағы құрақ дейді.Бала өмірі бойын әкесінің және анасының осы еңбегі, осы жақсылыған сыйлауы тиіс, оны өтеу перзентітк парзы болып табылады.Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі.Кішіпейілдік,көркем мінез,сыйластық отбасында қалыптасады.Отбасында балалар өте тату тұрады.Үлкендер кішілерге көмектеседі,кішілері үлкендерін сыйлайды,олардың айтқаның тыңдайды.Балалар бір-біріне бауырмал болып өседі,осы сезімді олар өмір бойы сақтайды. Отбасындағы балалардың бірлігі мықта болады, өскен соң да олар осы біріліктерін бұзбайды.
Показать текст полностью