пайдаланып, ең сүбелі мүшелерін сүрлеп, сақтап қояды. Әсіресе шілденің
ыстығында жас етті желге қақтырып, сорғытқанда, сыртын жұқа дәкемен орап,
астыңғы жағынан болар-болмас түтін салғызып әбігерге түседі.- Қазақ үшін қонақтан
үлкен ешкім жоқ. Қарағым, осыны ұмытпа,- деп екі күннің бірінде шешемнің
құлағына құйып отырады.Түс әлетінде біздікіне арып-ашып, шаршаған екі бала келді.
Әжем де ұсақ-түйек шаруа істеп, қыбырлап сыртта жүрген.- Апа,- деді он төрт-он бестердегі қыз бала ұялып.- Біз
алыстан келе жатқан жолаушы едік. Рұқсат болса, бауырымыз екеуміз сіздердікіне
қонып шығайықшы.- Құдайы қонақ
болсаңдар, қысылмаңдар, қарақтарым,- деді әжем құрақ ұшып.- Менің де өздерің
сықылды балаларым бар.Әке-шешем жолаушылап аудан орталығына кеткен-ді. Әжем қазан
көтеріп, ет салды. Ыстық бауырсақ пен қаймақ қатқан шайды терлеп-тепшіп ішіп
отырғанда:- Апа, сізді үйге келіп дәм татсын дейді,- деп көршінің
баласының жетіп келмесі бар ма.Әжемнің бір қасиеті шақырған жерден қалмайтын. Бірақ бұл
жолы бармады.- Әке-шешеңе айта
бар. Келмеді деп ренжімесін. Үйде қонақтар бар,- деді.Мен ішімді тартып, таң қалдым. Әжемнің «қонақтар» дегені
менен көп болса төрт-бес жас қана үлкендігі бар екі жолаушы бала болатын.Бір-біріне тығылып, тамақ ішіп отырған апалы-інілі
бейтаныстарға бұл жолы іштей құрметпен қарадым. Қалай дегенмен, жолы үлкен
сыйлы қонақтар ғой