Әр ауылда өсіп келе жатқан Нұрсұлтан, Тоқтар, Талғат, Роза, Мақпал тағы басқа ұл-қыздарды көргенде қуанасың. Олардың әрқайсысы азан шақырып қайған есімін мақтан етеді. Атына кір келтірмей, өнегелі жүріп-тұруға құштар.
Иә, достар араларыңда Абылай, Абай, Мағжан, Мұхтар, Сәбит тағы басқа есімдерді иемденген ұлдар, апаларың атына шаң жуытпай жүрген қыздар аз емес. Бұл зор абырой, мақтаныш.