Банктің негізгі қызметі: өзінің айналасындағы меншікті және тартылған ақшалай қаражатты шоғырландырады. Жиналған ақшаларды несие түрінде уақытша пайдалануға береді. Сол сияқты кәсіпорындар, мекемелер немесе жекелеген тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есептеулерде делдалдық қызмет етеді.
Банктің құзырына жаңа ақша шығару мен бағалы қағаздар шығару да кіреді. Банк елдегі, республикадағы, мемлекеттегі ақша айналымын реттейді.
Банктер, ең бірінші, инфляция болмас үшін Ұлттық банк коммерциялық банктегі ақша айналымын үнемі тексеріп отырады. Ақша айналымы заңын ақша саясаты өмірге келтірген. Осы заңды ескермесек, үлкен инфляция болады. Ақша айналымы заңына Кеңес Одағы кезінде қараған жоқ. Неге десеңіз, ол қажетсіз болды. Ақша айналымы сферасы өте тар болды.
Дүние жүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктерден алатын кездері болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты.
Валюталық саясат теңгенің күшті болуын қарайды. Шетелден әкелінген ақшаның заңсыз айналуын бақылайды.