Немересі көршісіне барып Уранды қарап беруін сұрайды. Көршісі көріп, ешқандай ауру таптайды. Ол иттің бір нәрсеге күйзелгенін айтады.
Көп ұзамай Уран өледі. Қожайынның немересі қатты қамығады.
Уақыт өте қарт қожайын қатесін түсінеді, айтқан сөздеріне өкінеді. Түнде көз алдында Уранның жалынышты көздері келеді. Сол ит қанша жыл оның үйін күзетіп, адал қызмет етті ғой. Енді өткенді өзгерте алмайсың.
Немересінің жүрегін жаралап, оның сүйікті итін қорғап қала алмағанына жаны қиналды.
Байқасақ, ойланбай айтылған сөз ит иттің де жанына батқан сияқты.