Қонақ күтудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып қалыптасқан заң бар. Үй иесі қонақты сыйлап, сый-құрметін көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында отбасының бір мүшесі өз өнерін ортаға салады, өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан «қонақкәде» сұрайды.
Қонақкәде – қонақтың өлең, жыр, қисса, ертегі, терме, толғау айтып беріп немесе күй шертіп, өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсететін дәстүрі.
Үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегі, аңыз-әңгіме естіп өскен баланың да жастайынан сөз өнеріне бейім, өнерлі болып өсуіне әсер еткен. Бұл дәстүрдің жастарды сөз қадірін білуге, шешендікке, ән мен жырға баулып өсіруде өзіндік орны бар.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...