Мақала тарихтың аласапыран кезеңдерінде халқымыздың басына түскен қилы тағдырына байланысты, ата қоныс атамекендерінен ажырап қалған қазақтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбектеріне арналғандығы болып табылады. Кешегі кезеңде орын алған алыс және жақын шетелдердегі қазақтар тарихына қатысты ақтаңдақ тұстарын айқындау бүгінгі тарих ғылымның өзекті де іргелі мәселелерінің бірі болып табылатындығы сөзсіз. Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің басқа да халықтарымен бірге қазақ халқы да әрі майдан даласын да, әрі тылда ерлік еңбектің ерен үлгісін көрсетті. Сондықтан мақаланы жаза отырып, атамекеннен алыста, туған жерден жырақта жүрген қазақ бауырларымыздың 1941-1945 жылдарғы қан майдандағы ерлік істері мен тыл қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесін айқын жазу.