Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

сюжет повести Майлина Шұғаның белгісі.

Ответы: 1
Просмотры: 7803
0
912
q
26 дек 2012
Напишите пожалуйста сюжет повести Майлина Шұғаның белгісі. Можно на русском
Показать текст полностью
912
1
1

Ответы
0
1122
a
27 дек 2012
Повестің оқиғасы дәстүрлі қалыпқа салынған. Кедейден шыққан

Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға деген сұлу

қызына ғашык болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл, әрине, байларға ұнамайды.

Олар жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға

айықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып,

Әбдірахманды амалсыз босаттырады. Әбдірахман сүйікті Шұғасын көруге

асығып келсе, қайран ару бұл дүниемен біржола қоштасқан екен, оның өзіне

жазып қалдырған хатын оқып, көз жасы көл болады.

Ал осында не тұр? Мұндай оқиға жұртқа таныс, ауыз әдебиеті мен жазба

әдебиетінің талай шығармаларына мазмұн болған. Дәстурлі дейтін себебіміз де

сондықтан. Майлин — суреткердің шеберлігіне қатал сын да дәл осы жерде

болатын.

Шебер қолдан шыққан сыршыл, шыншыл сондықтан оқушыны баурап,

үйіріп әкететін әдемі, әсерлі повесть қандай болуы керек? Бәрінен бұрын

композициялық құрылымы қиыннан қиысқан қызық, арналы, желілі, тұтас

болуы керек. Ол үшін сюжет өріміндегі кезең-кезеңдерді (басталу,

байланыс, даму, шарықтау, шешім) рет-ретімен, қисынды түрде ұтымды

өрбіту шарт. Бейімбет, міне, осы шартты ойдағыдай орындаған.

Қысқа-қысқа он үш тараудан тұратын шап-шағын повесть былай

басталады: « Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалы сұр

бұлттар көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып,

күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады.»

Бұл — әсем пейзаж. Дала, күз, сәске, бұлт, күн... Оқушының көз алдына

табиғат суреті жайыла қалады және жай сурет емес, жанды сурет,

қозғалады, қимылдайды. Бұлттар жөңкіле көшіп барады, күннің көзі

біртіндеп ашыққа шығады, бұл да қарап тұрмайды, күледі шұғыла шашады...

Автор осы суретке оқушы назарын әбден аударып алады да, оған ізінше

«Біз екеу едік» деп мәлімдейді. Бұлар кімдер? Бірі автор, екіншісі қасына ерген

жолдасы —Қасымжан «сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр». Портретті

де жай сыза салмайды, жандандырады «Пішініне қарағанда, бір түрлі

сөйлемпаз адам» деп қояды. Шынында да солай, жол бойындағы «Шұғаның

белгісі» атанған обашықтан ағыл-тегіл әңгіме туғызып тыңдаушысын ұйытып

әкетеді:

«Бұл қызық әңгіме, тыңдаңыз,— деді. Сөзді бастап та жіберді.»

Жазушының шеберлігі сондай, бірінші тарау сөйтіп табан аузында әңгіме

ішіндегі әңгімеге, немесе прологке айналып шыға келеді де, сюжет екінші

тараудан (Қасымжан аузымен) қайта басталады. «Бала күнімізде анау

көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... Ол да бір дәурен. Иә. Бұл

елдің күзге қарай қонатын жері, жазғытұры барып тамызға шейін отыратын

жайлауымыз, бұл көл де «Шұғаның белгісі атанды, бұрын «Тарғыл өгіз

сойған» деуші едік. Есімбек сол «Өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне

қонушы еді... Ортан қолдан төрт ұлы болды — шетінен қасқыр. Сол төрт

ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болады, Шұға десе —

Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті еді - ау»...

Бұл — сюжеттің басталуы (экспозиция). Автор каһармандар қарым-

қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдайды, мезгіл-мекенді, болашақ оқиғалар

орнын, қақтығыстар алаңын осылай, оқырманнын көзі мен көңілін бірдей

ұйыта әрі аңыздап, әрі суреттеп келеді де, үшінші тарауда сюжеттік

байланысқа — шығарманың ұлы арқауындағы негізгі тартыстың туу

себебіне тағы да шебер ауысады.

Байланыс деп отырғанымыз осы тараудағы Әбдірахманның Есімбек аулына

алғаш келген, оны Шұғаның тұңғыш көрген жері:

«— Мынау аттан түсіп жатқан кім?— деді Шұға.

Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен.

Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім.

— Әбдірахман ғой,— дедім.

— Әбдірахманың кім?

— Қазақбайдың баласы.

— Иә, әлгі учитель баласы ма?

— Иә

—Жап-жас жігіт екен ғой - деп бірер қарады да, Шұға отауға
кіріп кетті.

Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың

сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді...»

Айтатыны жоқ, байланыс соншалық ұтымды, сәтті қиыстырылған. Аттан

түсіп жатқан кісі Қазақбайдың Әбдірахманы екенін білген соң Шұға жөніне

жүре берсе болар еді. Өйтпейді, «иә, әлгі учитель баласы ма?» деп ойланып

қалады. Бұрыннан бір естуі бар ғой, шамасы. Онымен де қоймайды, «жап-

жас жігіт екен ғой» деп таңырқайды. Болашақ оқиғаның себебі үшін осы да

жетеді. Демек, үшінші тарауды (байланысты) осымен — «Шұға отауға кіріп

кетті» деген жерден аяқтаса да болғандай. Бірақ автор өйтпейді, Шұғаны

отауға кіргізіп алып, сықырлауықтан сығалатып қояды. Бұл табиғаты

таза, ақ, күнәден пәк жас кыздың кенет кездескен жас жігітке тандануы ғана

емес, тамсануы да... Дәл және нәзік детальі. Шебер суреткер және осының

бәрін осы арада экспозициядағыдай ауызекі аңыздамайды, адамның ішкі

жан дүниесіне ене суреттейді.Сонда оқырман «Шұғаның сықырлауықтан

сығалап, қарап тұрғанын» әңгімешінің аузынан естіп қана қоймайды,

кәдімгідей сезінеді, көз алдына елестетіп көреді, түсінеді. Повестің

соңында — Шұғаның өлерде жазған хатында «Әуре боп неге біткен ажар-

көрік, ішіңе от түсірдің, қалқам көріп...» деген жан тебірентер әдемі өлең

бар. Байқап қарасақ, көкірегіне «от түсірген» тек Әбдірахман емес, Шұға

да, сюжеттік байланыс, міне, дәл осы сәттен — қыз кеудесінде тұңғыш сүю

оты тұтануынан басталады да, осының өзі шығармадағы күллі қимыл-

әрекеттің қозғаушы күші, адамдардың арақатынасынан туатын барлық

салдардың басты себебі болып қалады. Сөйтіп, бұл повестің өн

бойындағы өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу

жолына салады.

«Шұғаның белгісіндегі» сюжеттік даму да тек қана адамдар тағдырына

негізделген. Ендігі тоғыз тарау түгелімен бір жылғамен жылжып, бір желіге

көгенделіп жатқан түрлі-түрлі ситуация, қат-қабат конфликт, осылар арқылы

өсіп - өніп жатқан әр алуан тип пен характер, олардың өзара қарым-

қатынастары, Әбдірахман мен Шұға бір-біріне ғашық, бірін-бірі көрмесе тұра

алмайды. Бұл Әбдірахманды өзінің қызы Күлзипаға үйлендірмек ниеті бар

«Айнабай деген бірді-бірге соғып, екі елдің арасына от салып жүретін бір

қызыл көз пәлеге» ұнамайды да, ол енді «Есімбекті құтыртады», онымен де

қанағаттанбай, Әбдірахманды басқа жолмен мүдіртуге кіріседі, «түріктерге

жасырын ақша жиып жүр» деп үстінен арыз беріп, ақыры, қамауға алғызады.

Осының бәрін жазушының аса шыншыл, дәлелді, нанымды суреттейтіні

сондай жан жүректен толқымай оқу мүмкін емес. Әсіресе Әбдірахман мен

Шұғаның бір-біріне күтпеген жерден жол үстінде жолығып, қоштасар шағы,

Шұғаның «Қош, қалқам, қалқам» деп, кемсеңдеп отыра кететін сәті оқырманды

отты сезімге бөлеп, елжіретіп жібереді. Сюжеттік шиеленістің бұл тұсына

жазушының өзі де айрықша мән берген-ді, Әбдірахман аузымен мынадай өлең

айтқызады:

Жүзі құбыла, сөзі құран Шұғаның,

Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын.

Кетерімде арманда боп сүйе алмай,

Еңіреп жылап «Қалқам!» деді-ау шырағым!...

Осындай ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер бір
бәсеңдеместен барып, шарықтау шегіне жетеді.

«Шұғаның белгісіндегі» сюжеттің шарықтау шегі (кульминация)—

Шұғаның қатты құса болып, ауруға шалдығуы; қызының оңалмас түрін

көрген Есімбектің Әбдірахманды амалсыз тұтқыннан босатуы. Бірақ Шұға

сонда да жазылмайды.

«Жазылып керегі не?— дейді ол Қасымжанға. Бәрібір мен бақытты бола

алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр... Өлем деп

те арман қылмаймын. Жалғыз-ақ арманым бар—түнеугі көргенде

Әбдірахман бір ауыз сөз айта білмеді. Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда

«Шұғам» деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дуниеден армансыз

өтер едім... Әй, ол жоқ қой!..

Бұл — Шұғаның соңғы сөзі. Сонымен бірге шығармада дамыған барлық

ситуацияның ширығып, шиыршық ата шиеленісіп, шығандап келіп тірелген

соңғы тұйығы. Бұдан әрі даму, өрбу, биіктеу болуы мүмкін емес.

Композициялық жағынан шебер құрылған сюжет өзінің шарықтау шегіне

осылай шалқайып, шешіміне осыдан кейін барып еңкейеді.

Енді ақырғы (XIII) тараудағы сюжеттік шешімді анығырақ байқалық:

«Біз ауылға жеткенде Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен.

Атты байлап, Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын

білейін деп, аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенімде бір салт

атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып, кейін жүріп кетті.Не

айтқанын ести алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым

мұздады... Жүгіре басып жандарына келгенімде «Құдай рахым етсін!..» деп

беттерін сипап, бата қылысты. Мен аң-таң болдым. Айтбай маған қарап:

-Естідің бе, Шұға қайтыпты-ау,—деді. Суық суды төбемнен құйып

жібергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым. Жиылған жұрттың

бәрі де бастарын шайқасты: — Өй, Шұға десе — Шұға еді ау!— десті.

Күшті шешім. Далелдеу артық. Бұдан гөрі күштірек жері — шешімнің соңы

тағы бір тың тынысқа ауысып, үзілер алдында Шұға жазған өлеңді хат

түріндегі арман-мұңға, шерлі сырға толы эпилогқа айналуы:

Хаты деп ақтық, жазған ғашық, жардың,
Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының, пайғамбардың!

Повесть бітті (Касымжан әңгімесі аяқталды). Әттең бітіп қалғанын! Амал
жоқ, кітап бетін жабамыз. Бірақ қым-қиғаш әсерден айығар емес. Жаңа ғана
өзіміз сезіп білген шындық құбылыстар алдымызға қайтадан тізбектеле
береді дала, жазғы күн, айлы түн, ауыл, алтыбақан, ән, күлкі, мінездер, іс-
әрекеттер, тағдырлар тартысы...

Шұға!.. Ақыр аяғында, міне, сұлу Шұға дүниеден кетті. Есіл аяулы ерке!..

Жүрек елжіреп, баяу лүпілдейді. Көңілде құйын ұйытқып жүр, арман ба,
Қайран ару!

«Шұға десе — Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті еді-ау...Аққұба,

талдырмаш, көзі қап-қара. Осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай

болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес.

Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, Шіркін!»

Біз Шұғаны алғаш рет Есімбектің бір отауынан көріп, келбетінен көз ала

алмаған едік: «Апырмай адамзатта да осындай сұлу болады екен-ау!..

Аққудың көгілдірігіндей, осы аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек,

омырауын неше түрлі ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол,

басында үкі таққан бөрік, өзі сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып

тұрды».

Мүсіні мен мінезі осындай Шұғаның лебізі қандай әдемі. Бүкіл повёстің өн

бойында үш-ақ рет тіл қатып сараң сөйлейді. Әбдіхрахманды алғаш көрген

бетте іште тулай қалған бір оқыс толқынын жасыра алмай, «Жап-жас жігіт

екен ғой» десе, сол Әбдірахманды болысқа еріксіз әкетіп бара жатқанда жолдан

кездесіп: «Қош, қалқам, қалқам!— деп, кемсеңдеп жылап отыра кетті». Ақыр

аяғында тағы да тек Әбдірахман «жаным шығарда» Шұғам! деп бетіме бетін

тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз өтер едім» дейді. Осынау

азғана лебіз Шұғаның сөз мәнерін, сөйлеу ерекшелігін әрі айқын, әрі дәл

танытады. Оқырманда «бұл тұста, мына жағдайда Шұға болса, былай дер еді»

деген бағдар, болжал анық, түйіліп отырады. Әңгімеші жігіттің авторлық

баяндауымен астасқан аңыздауы, сол кездегі қазақ аулына тән салт-сана, ауыл

адамдарына тән әдет-ғұрып, жастарға лайық ой, арман, үміт, сезім сырлары, ең

арғы жағы табиғат көріністеріне дейін Шұғаны меңзеп, соның тұлғасын

даралап, бейнесін бедерлеп жатады. Осының нәтижесінде оқырманның

Шұғаға деген ілтипаты арта келе, оны соншалық, ұнатады. Сондықтан Шұға

ғашықтық құсасымен дүниеден көшкенде оқырман көкейінде де өкініш қалады.
Показать текст полностью
Комментировать

Для публикации комментария Вам необходимо авторизоваться
1122
912
Популярные вопросы во всех категориях
перевод