Қабырғаның бойына келген соң Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне декетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң,Сейітқұл егінді жылдан жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырменайдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегіжарлы-жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төртжүз үйге таянды дейді.
Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да малдары көбейіп, бай болды. Ел жиылып, Сейітқұлжұрт ағасы болды. Енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай терімен тапқандәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымғақалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жиып кеңесіп, судың бір қолайлы жерінешымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақтықарауылшыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенінбайқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұлжағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұқара, Қоқанға мал айдатып, олкенттерден10қазақ қолды әртүрлі тауар алдырып, жылда егін піскен уақытта манатақорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі халық белгілі уақытта малын, жүн -жабағысын, тері - терсегін келтіріп,егіншілер оларға астығын, тауарын айырбас етіп, осықалыпша бір жағы егін, бір жағы саудамен Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан байболыпты