Тілші:Сіздің ойыңызша,біздің елімізде адамдардың өмір жасының ұзақтығы қаншаға созылады?Төрегелді Шарманов(Қазақ тамақтану академиясының призиденті):Байқап қарасаңыз,1897жылы жүргізілген санақ бойынша,орта есеппен қазақтар 31-33жас қана өмір сүрген.Ағылшындықтар, сол кезеңді алатын болсақ,40 жас өмір сүрген екен. АҚШ-та 1910 жылы 40 жас,Чилиде 29 жас өмір сүрген.Қазір Қазақстанда орта есеппен өмір сүру 66 жасқа жетті. Тілші:Неге адамның жасы оның ішкен-жегеніне байланысты деп жатады?Адамның тамақтануы өмір сүру ұзақтығына ықпал ете ме? Біз осы факторларды ескере отырып адам жасын ұзарта аламыз ба? Төрегелді Шарманов: Мәселен, мен таңертең көк шай ішемін, қияр мен қызанақ жеймін,түсте аздап қазы,жемісбилеймін, тауға шығамын... Тілші:Сізді ұзақ өмір сүру эликсирінің рецептісін біледі дейді,рас па? Төрегелді Шарманов:Бұл-ғалымдардың жақында ашқан жаңалығы.Мәсілен, ғалымдар жүзімнің қабығынан ресвератор деген затты тапқан, ол адамның ағзасын жасартып отырады екен. Сондықтан да таза жүзім шарабын қолданатын кавказ халқы ұзақ өмір сүреді. Сонымен қатар брокколи қырыққабатында сульфарофан деген зат бар,ол теріні ультрафиолеттен қорғайды және ағзада пайда болуы мүмкін қауіпті ісіктермен, сонымен қатар диабетпен де күреседі екен.Қарбыз,томат және қызыл бұрышта күшті антиоксидант- ликопин деген болады, ол жүрек-қан тамырлары ауруларын және онкологиялық аурулардың алдын алу үшін өте жақсы.Адам жылқының етін және балықты жиі жеуі керек,табиғи шырындар ішіңіздер.Ұзақ өмір сүрідің ең дұрыс жолы-өмірді жақсы көру керек, өмірге құштар болу керек және адам өзін мүмкіндігінше бақытты сезінуі керек. Жақсы көретін достарыңызбен кездесіп,өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысыңыз! Өміріңіздің ұзақ болуына бұл да себеп. "Ас-адамның арқауы" дегендей,ішкен-жегендеріңізге мән беріп жүрңіздер.